Жігіт сұлтаны-2023

2023 жыл, 4 мамыр күні, 7 мамыр-Отанқорғаушылар күніне орай, мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2023» байқауы өтті. Серілер сынына білекті де жүректі 10 жігіт қатысып, мықтылықтарын танытты. Байқау ережесіне сәйкес, өздерінің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналып, ата-тегін, өскен жерін дүйім жұртқа таныстырды, өз өнерлерін жиналған жұртқа паш етіп, бірі мәнерлеп өлең оқыса, бірі ұлттық аспаптың құлағында ойнады, бірі ағаштан шебер бұйым жасауды көрсетті.