Тоғыз айға 9 іс-шара

«Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында республикалық «ЖАСЫЛ МЕКЕН» челленджі мектебімізде өз деңгейінде өтті. Челлендж мақсаты: «Мұғалім — білім алушы — ата-ана» үштігінің қарым — қатынасын нығайту және білім алушылардың ♻экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа баулу. Мамыр айының 10-25 күндері аралығында 0-11 класс оқушылары және Ата-аналары, сынып жетекшісі бірлесіп мектеп ауласына гүл көшеттерін отырғызып, аула бағын гүлдендіруге ауызбіршілікпен атсалысты.