СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК-2023

СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК-2023! 1 маусым-балаларды қорғау күні, сонымен қатар мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өткізілген күн. Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Әрі қарай мектеп директоры-Ғазиз Қаламов оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Жиын соңы, түлектер вальсі, сазды әуенімен және үздік оқушыларымыз 1 «Ә» класс- Аманжан Аяна, 11 «А» класс-Аманғалиева Диана, 11«Б» класс — Тажимбаев Артемның соңғы қоңырау соғу рәсімімен қорытындыланды. Сонымен қатар, 1-4 класс, 5-8 класс оқушылары сыңғырла, соңғы қоңырау сынып сағаттарын өткізді.