
Облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан салтанатты түрде мектебімізге жаңа автобустың кілтін табыстады. Енді оқушыларымыз ішкі жабдықтары техникалық талаптарға сай келетін көлікпен тасымалданатын болады. Автобус 40 орындыққа есептелген және балалар қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.



