
КӨКТЕМ АРУЫ-2023! 22 сәуір мектепішілік тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділікті таныту және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Көктем аруы-2023» байқауы өтті.
Байқауда мектебіміздің 8-10 сыныптарының арулары өзара бақ сынады. Аталған сұлулық бәсекесінде қыздар өздерінің жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін, өз бойындағы өнерін, табиғи дарынын сынға салды. Байқау қорытынды:Бас жүлде- 10А класс аруы — Қадырханова Назым,
І орын-8А класс аруы-Құлымбетова Меруерт
ІІ орын-9А класс аруы-Қилыбаева Нұрай
ІІІ орын-8Б класс — Уржанова Арай
Алғыс хат-8Ә класс — Сафина Алина




