
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ! 2023 жылғы 5-7 мамыр аралығы Отан қорғаған тарихи тұлғалар мен тақырыптық 45 ескерткішке гүл шоқтарын қою қалалық жоспарына сәйкес, 5 мамыр, «Ақтөбе орта мектебі»КММ, «Жас сарбаздар» саптық патриоттық ән шеруінің бас жүлде иегерлері — 10а класс, және 1 орын иегерлері — 9ә класс оқушылары М.Бөкенбаевтың атындағы Заң институтында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Аталмыш шараға, Қалалық мәслихат депутаты-Есенбеков Джанибек Талгатович, еңбек ардагерлері-Даулеталин Ғалым Елкейұлы, Құлтаев Баянғали Қанапияұлы, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» Ардагерлері» (ГКӘТ, ВКШӘТ) РҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Отаралин Амангали Мухиядинович, сонымен қатар мектеп директоры-Ғазиз Қаламович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Мадина Асылбекқызы, АӘД пәні мұғалімі — Аманбек Қаржауұлы, сынып жетекші — Дулат Тарғынұлы қатысты. Іс шара соңы — 4ә класс оқушысы, мектебіміздің мақтанышы, жас әнші, Республикалық, Халықаралық дәрежедегі ән байқауларының жеңімпазы — Дастанұлы Дәулеттің «Атамекен» әнімен қорытындыланды



