Елбасы медалі

Жетістіктер алға жетелейді!  «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері-9Ә класс оқушылары Ерикова Аяулым және Куатова Жанель марапатталды. «Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде 2020 жылдан бастап «Ел үміті» бастамасының жобаларының бірі «Елбасы Медалі” жобасы өтіп келеді. Шарада Ақтөбе қаласы бойынша жалпы 146 оқушы, оның ішінде 1 алтын, 15 күміс және 130 қола медаль иегерлері марапатталды