
ЕҢ ҮЗДІК СТАРОСТА 27.01.2023 күні «Ақтөбе орта мектебі» КММ 8-9 сыныптар аралығында старосталар арасында үздігін анықтау, көшбасшылық қабілеттерін арттыру, сыныптар арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында “Ең үздік староста” байқауы өткізілді. Байқау “Таныстыру”, “Ситуациялық сұрақтар”, “Кім жылдам?”, “Сынып бұрышы” кезеңдерінен тұрды. Старосталар әр кезеңде өз шеберліктері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Байқауда “Ең үздік староста” номинациясын 9ә-сынып старостасы Курмангазина Карина иеленді, “Жүзден жүйрік”, “Үздік жанкүйерлер” номинациясы 9а-сынып старостасы Аманғос Еркеназ, “Тапқыр староста” номинациясы 8ә-сынып Колданова Бинұр, “Ұйымшыл сынып” номинациясы бойынша 8а-сынып Туймединов Әлкей марапатталды. Байқау соңы әр оқушы өз сынып жетекшісіне әдемі тілегі мен жылы лебізін білдірумен аяқталды.


