
«Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында семинар-практикумы
2023 жылдың 14 сәуір күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес, «Ақтөбе орта мектебі»КММ базасында «Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында семинар-практикумы өтті. Семинар практикумға дене шынықтыру, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері, мектепішілік дебат үйірме жетекшілері қатысты
Семинар барысында, «Мектептегі үйірме жұмыстарының ұйымдастырылуы»тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-М.Асылбекқызы сөз сөйледі. «Кәсіби іс тәжірибе алмасу-педагогтың үздіксіз дамуы» (ШЕБЕР КЛАСТАР) практикалық бөлімінде «Дебат-ойын емес, оқыту технологиясы» — үйірме жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі -Э.Б Джабасова; «Миллефиори –пластилинография»- үйірме жетекшісі, көркем еңбек пәні мұғалімі-А.Б Ковальчук;«Тоғызқұмалақ –ойшылдар ойыны»-үйірме жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі-Казбеков Н.Ш;«Үстел теннисі-пайдасы мол дара спорт»-үйірме жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі-Өмірғалиев А.Б;«Развитие и совершенствование физических качеств в обучении волейболу»-үйірме жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі С.П.Лесковец;«Футбол ойынының ережелері мен техникасы»-үйірме жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі К.Б.Утаров;«Баскетбол ойынының элементтері мен ережесі-үйірме жетекшісі, денешынықтыру пәні мұғалімі -Х.Р.Каюмов әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар практикумға қала мектептерінен жалпы саны 38 педагог қатысты. Семинар соңы «Ашық микрофон» рефлексиясымен қорытыланды.





