Қияға қанат қақты жас түлектер

Қияға қанат қақты жас түлектер..Аттестат табыстау — көп жылдар бойы есте қалатын жылы және жарқын мереке. Ағымдағы жылдың 21 маусым күні «Ақтөбе орта мектебі»КММ-де «Аттестат қолға алған күн…» салтанатты шарасы өтті. Ақ арманын арқалаған 29 түлек алтын ұя – мектебімен қоштасып, үлкен өмірге нық қадам басты. Білім ордамыздың директоры — Ғазиз Қаламұлы түлектерді маңызды мезетімен құттықтап, жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыстады. 🎖 «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» иегерлері -11«А» класс оқушысы-Аманғалиева Диана және 11«Б» класс оқушысы Алмаспаева Алина.