Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы

ЕСКЕРТКІШТЕР-ЕЛ ТАРИХЫ. «Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңнамасындағы талаптарды орындау мақсатында инспектор — Қошан Берік Абайұлы тарихи мәдени мұраны қорғау және насихаттау, қала және облыс ескерткіштерімен таныстыру, оларды қорғау мәселелерін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында Ақтөбе орта мектебі КММ 5-8 класс оқушыларына дәріс оқыды.