
Білім бөлімі, ҚР-сы Оқу-ағарту министрлігінің «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» № 506 бұйрығы бекітілгендігіне байланысты мектебімізде 07.04.2023 ж. күні 9 сыныптар арасында буллингтің алдын алу жөнінде профилактикалық іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлықтың, қорқытудың және құрбандықтың алдын алу бойынша тәжірибесі мен білімін өзектендіру. Мектеп инспекторы Ювеналды полиция бөлімі Учаскелік полиция инспекторы — Сексенбаев Арман Елеманович, полиция лейтенанты — Қожабеков Бекет Жандарбекұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Асылбекқызы М., сынып жетекшілері қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен кері байланыс жасалынды.
Өткізілген уақыты: 10.04.2023ж.
Қатысушылар: 9 -11 класс



