ЖАС САРБАЗДАР

«ЖАС САРБАЗДАР» ӘСКЕРИ-САПТЫҚ ӘН ШЕРУІ-2023! 05.05. күні 9-11 класс оқушылары арасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында, жас сарбаздар әскери патриоттықтың тиімді жүйесін құру, жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті білуін, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу, әскери патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншіліктті арттыру мақсатында «Жас сарбаздар» әскери саптық ән шеруі өтті. Жоғары сынып оқушылары, өзара сынға түсіп , өздерінің батыл да , қайсар мінезді , қиындыққа қарсы тұрарлықтай күш жігері бар , рухы биік қазақ халқының намысшыл қасиеті бойына сіңген азаматтар екенін көрсете білді. Аталмыш шеруге құрметті қонақтарымыз-Ауған соғысының ардагерлері-Габдрахманов Елемес Елекенұлы, Айтмағамбет Сағынғали Душанұлы қатысып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін табыстады