
Ағымдағы жылдың, 4 сәуір күні «Ақтөбе орта мектебі» КММ, 9-11 сынып оқушылары және олардың Ата-аналарымен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.Аталмыш кездесуге, Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы полиция подполковнигі — Саймаганбетов Ардана Муратович, қалалық білім бөлімі «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері — Айтбаганбетов Айбек Сагынбаевич және мектеп директоры — Ғазиз Қаламұлы қатысып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



