Электронды темекінің біз білмейтін зияны

Оқушылар арасында электронды темекі шегудің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен «Электронды темекінің біз білмейтін зияны» тақырыбында жиын өткізілді.Мектеп оқушыларымыздың денсаулығына, темекінің ағзаға әсері тақырыбында арнайы бейнежазба көрсетіліп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, электронды темекінің зияны жайында түсіндірме жүргізіліп, оқушылар сұрақтарын қойды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-М. Асылбекқызы, мектеп психологтары — Мутова А., Москальчук Г. қатысушыларды жаман әдеттен аулақ болуға шақырып, тәлім-тәрбие негізінде мысалдар келтірді.