
22.02.2023ж. ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАЛЫҚПА! Осындай ұранды негіз еткен Ақтөбе орта мектебі 9 класс ер балалары, мектеп ауласын қардан тазалауға көмектесті. Қалада қалың қар 3 күннен бері толассыз жауып, қар аршу жұмыстарының машақатын арттырып отыр. Жақсылық жасау-игі іс екенін білетін оқушылар, ерікті түрде, қызметкерлермен бірге аула территориясын қардан тазалауға атсалысты.


