
МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ!. Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толуына орай, «Ақтөбе орта мектебі» КММ, 11.02.2023ж.күні «Мәңгілік тағзым…» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.Кештің мақсаты — ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда, Габдрахманов Елемес Елекенұлы,
Айтмағамбет Сағынғали Душанұлы қатысып, естеліктермен бөлісті
Білім алушылар, өздерінің өлең жолдарын арнап, жүрекжарды ән шырқады. «Әскери қолданбалы жаттығулар» сайысы ұйымдастырылып, АК-74М-мылтықты жылдамдықпен шашып-құрастырудан жоғары сынып ер балалары мен қыздары өзара бақ сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ардагерлеріміз өз қолдарымен марапаттап, қатысушыларға ақ батасын жаудырды. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз-деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Асылбекқызы. Кездесу соңында, ардагерлерге барша құрмет көрсетіліп, мектеп директорының алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды



