
«Құқық бұзушылықтың алдын алу-өзекті» тақырыбында УИП ИДН МПС ГОП 3 Полиция аға лейтенанты — Сексенбаев Арман Елеманович және полиция аға лейтенанты Саркытбаев Айболат Кабылулы «Ақтөбе орта мектебі» КММ 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жеткіншіктердің түнгі уақытта ойынсауық орындарында, көшелерде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қадағалауынсыз көшеде жүру фактілері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізіп, бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында студенттер өздерінің сұрақтарына жауаптарын алды.



