
Ақтөбе орта мектебінің 11А және 11Б класс оқушылары «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, дүбірлі іс шара өткізді. Аяулы мұғалімдерді таңғы уақытта зор қошеметпен қарсы алудан бастап, керемет көңіл-күй сыйлаумен өздерінің дайындаған құттықтауларын арнады.
Аталмыш шараға, барлық класс оқушылары атсалысып, мұғалімдерді құттықтауға асықты. Барша сән-салтанатымен, құрметімен кеш жалғасын тапты. Әдемі ән шырқалып, қызықты ойындар ойнатылды. Риза болған ұстаздар оқушыларға өз алғыстарын жаудырды.